Алматы-Сұлусай жолын лай көшкіні қиратып кетті (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы-Сұлусай жолын лай көшкіні қиратып кетті.
«Қазселденқорғау» мемлекеттік кәсіпорын хабарлағандай, оқиға 14 мамырда болған.
Медеу ауданында «Алматы-Сұлусай» автожолының 30 метр жері қираған. Жалпы көшкен лай-батпақ массасының көлемі 60 текше метр болып отыр. Жол Кеңсай өзенін жағалай салынған екен.
Мамандардың айтуынша, аталған жол ары қарай қирауы ғажап емес.
Қазір мұнда көліктердің жүруіне тыйым салынған.