Алматы-Талғар жолында 50 жастағы әйелді көлік қағып, мерт болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 28 жастағы Талғар ауданының тұрғыны 50 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 маусым күні «Subaru Impreza» көлігін тізгіндеген жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жәбірленуші алған жарақатының салдарынан оқиға орнында мерт болған.

«Алматы-Талғар жолының 12-ші шақырымында 50 жастағы әйел адамды көлік қағып, мерт болды. Машинаны 28 жастағы Талғар ауданының тұрғыны тізгіндеген. Алдын ала болжам бойынша, жаяу жүргінші жүруге болмайтын жерден өткен. Қазір сараптама тағайындалып, ҚР ҚК 345 бабының 3-ші тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр. Көлік айып тұрағына қойылды»,- делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар