«Алматы-Ташкент» пойызы аптасына 3 рет қатынайтын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Қазақстан темір жолы» ҰК» «Жолаушылар тасымалы» АҚ пен «Өзбекстан темір жолдары» АҚ өкілдері кездесті. Кездесу барысында темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар №1/2 «Алматы-Ташкент» пойызының қатынау жиілігін ұлғайтуға келіскен. Атап айтқанда, 18 наурыздан бастап аталған пойыз бұған дейін аптасына екі рет қатынаса, енді үш рет қатынайтын болады.

Ұлы Жібек жолын жаңғырту және туризмді насихаттау аясында «Үрімжі-Алматы» пойызының бағдарын жазғы уақытта «Ташкент-Пассажирская» стансасына дейін ұзарту мүмкіншілігі де қарастырылды.

«Қазақстан тарабы 2018/2019 жылдарға арналған пойыз қозғалысының жаңа кестесінде «Ташкент-Мәскеу» және «Мәскеу-Самарқанд-Термез» қосымша пойыздарын шығаруға қолдау білдірді. Сонымен қатар тараптар электронды жол жүру құжаттарын дамыту бойынша екіжақты жұмыс тобын құруға уағдаласты», - делінген компания таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар