«Алматы-Ташкент тас жолында жолаушылар автобусы өртеніп кетті - ТЖМ
АСТАНА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Алматы-Ташкент» тас жолында жолаушылар автобусы өртеніп кетті,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Төтенше оқиға бүгін түнде күре жолдың 188-ші шақырымында орын алды. 53 жолаушы мінген «Алматы-Шымкент» бағытындағы «Неоплан» жолаушылар автобусы жанып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің салдарынан автобустың тек қаңқасы ғана қалды, деп хабарлайды куәгерлер.
Тілсіз жауды Жамбыл облысының өрт өндірушілері ауыздықтады.