«Алматы-Ташкент-Термез» автожолында көліктердің барлық түрлеріне қозғалыс шектелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22.12.2016 ж. «Алматы-Ташкент-Термез» (543-593 шақырымдарда) автожолында автокөліктердің барлық түрлеріне сағат 16.50-ден бастап Жамбыл облысы тарапынан жол жабылған.
Осыған байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» (593-611 шақырымдарда) 22.12.2016ж. сағат 17.10-нан автокөліктерінің барлық түрлеріне Оңтүстік Қазақстан облысы жағынан жол жабылған болатын. Алайда кейбір жүргізушілер осы ескертуді елемей, Алматы бағытына қарай жол жүріп, Түлкібас ауданы Шақпақ-баба асуында тұрып қалды.
Адамдарды Шақпақ баба асуындағы жылыту бекеттеріне жеткізді.
2016 жылы 23 желтоксанда сағат 11.20-да Түлкібас ауданына автокөліктерді жібермеу үшін Сайрам ауданынан бастап әр 25 шақырымға жол посттары қойылып, Түлкібас ауданы ішкі істер бөлімі тарапынан жол қозғалысына шектеу қойылып, бақылауға алынды.
Сондай-ақ Күміс бастау-Жабағылы ауылдары арасынан Тараз қ. тұрғындары «Тойота» автокөлігімен айналма жолмен өтеміз деп, жолда тұрып қалған. Түлкібас ауданы №36 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамында 2 адам, 1 техникасы аталған көлікті шығарып, Күміс бастау ауылына жеткізді.
Қазіргі таңда Түлкібас ауданында Т.Рысқулов-Азаттық елді мекендері аралығында жолдан шығып кеткен автокөліктерді шығару жұмыстарын аудандық №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамында 4 адам, 2 техникасы жұмыс атқаруда.