«Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 536-593 шақырымы барлық көліктер үшін жабық

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Түркістан облысымен шектесетін аумағында жол бөлігі барлық көліктер үшін жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

«Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 536-593 шақырымы барлық көліктер үшін жабық

«Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты (қар, боран, көрініс қиындығы) «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 536-593 шақырымында Айша бибі кенті-Түркістан облысының шекарасы аралығында барлық көліктердің жүруіне шектеу қойылды»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ Жамбыл облысының шекарасы-Машат кенті аралығында да көліктердің жүруіне шектеу қойылды.