Алматы тауларына адамдардың шығуына тыйым салынды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тауларында өрт қауіптілігіне байланысты адамдардың тауға шығуына тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы Іле Алатауы ұлттық паркінің бас директоры Дамир Малкелдиев Фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Құрметті тұрғындар, қазір тауларымызда V - өрт қауіпсіздігінің ең жоғарғы қауіптілігі деңгейі жарияланды. Құрғақшылық пен аптап ыстықтан тау ормандарындағы құрғақ шөптер кез-келген уақытта лап ете қалуы мүмкін. Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Іле Алатау паркінің әкімшілігі парк аймағына адамдардың кіруіне тыйым салады. Үлкен Алматы көлінде бақылап өткізу бекеті орнатылады», - деді Дамир Малкелдиев.
Айта кету керек, қазір Алматыда ауа температурасы 33 градусты көрсетіп тұр.