Алматы тауларынан табылған турист қыз жансақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тауларынан табылған турист қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлйады ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы тауларынан табылған турист қыз жансақтау бөлімінде жатыр

Таудан табылған Әлия Қамиева төтенше жағдайлар кызметінің бригадасымен №7 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жеткізілді.

«Реанимацияда мультидисциплинарлық топ жан-жақты тексеріп қарады, барлық қажетті зертханалық-диагностикалық зерттеуді жүргізілді. Түскен кездегі жағдайы ауыр, сөйлей алмайды. Әрі қарай бақылау және емдеу үшін анестезиология, қарқынды терапия және реанимация бөлімшесіне жатқызылды»,-деп хабарлады Алматы қоғамдық денс аулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін, турист қызды таудан түсіру үшін тікұшақ жіберілгенін жазған болатынбыз.

Еске салайық, 31 жастағы Әлия Қамиева 5 шілдеде үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Оның анасы 7 шілде күні құтқарушыларға жүгінді.

Куәгерлер алматылық қызды соңғы рет Үлкен Алматы көлінің маңынан көрген.

Іздестіру-құтқару жұмысына құтқарушылардың максималды күш-құралдары жіберілді.

Атап айтар болсақ, республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кинологиялық есептер, «109» құтқару қызметі, 75 волонтер атсалысты.