Алматы тауларында ірі көлемде көшкін болуы мүмкін
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда таулы аймақта лай-топырақ көшкіні болуы ықтимал. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» мекемесі хабарлады.
18 мамырда Алматы облысында Түрген, Есік, Бесағаш, Қайназар, Талғар, Қотырбұлақ өзендерінің бассейнін тексеруге арнайы комиссия құрылған болатын.
Тексеру барысында топырақтың шамадан тыс ылғалдануынан көшкін жүруі ықтимал аумақтар бағаланды.
«Ірі көлемдегі көшкін болуы ықтимал. Толассыз жауын жауған жағдайда Түрген өзеніне, Есік көліне, Талғар Пионер лагері жолындағы экопосты жабу керек деп шешілді», - деді «Қазселденқорғау» мекемесі.