Алматы тауларында қалып қойған қыз бен жігіт табылды

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы тауларында қалып қойған қыз бен жігітті тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы тауларында қалып қойған қыз бен жігіт табылды

Республикалық жетел құтқару жасағы баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 шілде күні Талғар ауданындағы «Ақбұлақ» тау курортының жанында 19 жастағы жігіт пен 16 жастағы қыз Рахат шыңына жаяу көтерілген.

«Олардың серуені түсте басталған, алайда, мақсатты жеріне жеткенде, қараңғы түсіп, кеш батқан. Жастар өз күшін есептемегенін түсінді, алайда төмен түсу оларға қиын болды. Амалсыз көмекке жүгінді. Сағат 22:15 кезінде 7 құтқарушы, оның ішінде кинологиялық топ жолға шықты», - деп хабарлады жасақтан.

Түнгі уақытта іздестіру жұмысы күрделене түскен.

2,5 сағаттан соң құтқарушылар жастарды биіктігі 3 400 метр болатын Рахат шыңынан тапқан.

«Құтқарушылар оларға бүкіл қажетті көмекті көрсетіп, таңғы сағат 04:00 шамасында «Ақбұлақ» базасына жасақ көлігімен жеткізді. Сондай-ақ, жастарға түсіндіру жұмысы өткізілді»,- деді ведомстводан.

Еске салайық, Алматыда тауға шығатын туристер жүретін маршруттарын құтқарушылармен алдын ала келісуі тиіс.

Заңнамаға енгізілетін бұл өзгеріс туралы Алматыға жұмыс сапарымен келген Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтқан еді.





Фото: www.instagram.com/roso_kazakhstan