19:11, 28 Ақпан 2023 | GMT +5
Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Наурыз айының басында Алматы облысының тауларында көшкін жүру қаупі сақталады. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД-да мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматы облысының тауларында 1-6 наурыз аралығында көшкін жүру қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды»,- делінеді хабарламада.
Сондай-ақ ведомствоның мәліметінше, Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар.
«Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады»,- деп хабарлады ТЖД-да.
Еске салайық, Тәжікстан мен Қырғызстанда қар көшкіні жүріп, салаларынан адамдар қаза тапқан еді.