Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар - Қазгидромет

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгдромет» РМК-на сілтеме жасап.

Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар - Қазгидромет

«Жылымықтың әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы (2500 метр биіктігінен жоғары аумақта) өзендері су алабында 24-30 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар»,-делінген хабарламада.