Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Синоптиктердің болжауынша, 23-26 сәуір аралығында қардың еруі мен қар жамылғысының тұрақсыз болуына орай қар көшкіні жүру қаупі бар.

«Космостанция» автожолындағы Аюсай бөгетінен жоғары және «Шымбұлақ - Тұйықсу мұздығы», «Эдельвейс», «Бутаковка», «Қимасар», шатқалдарында блокпостар орнатылды»,- деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Департамент мәліметінше, қар көшкінінің 20-дан астам профилактикалық түсуі жүргізілді, жару әдісімен 50 мың текше метрден астам қар массасы тау етегіне түсті.


Соңғы жаңалықтар
telegram