Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматы тауларында көшкін жүру қаупі сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы тауларында  қар көшкіні жүруі мүмкін

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, күннің жылынуына байланысты таулы жерлерде қар көшкіні жүруі мүмкін.

«Жылымықтын әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашынның күтілуіне байланысты Кіші және Үлкен Алматы (2300 метр биіктігінен жоғары аумақта) өзендері су алабында 13-16 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады»,– деп хабарлады ведомстводан.

ТЖД тұрғындарға таулы жерлерге бармауға кеңес береді.