Алматы тауларында көшкін қаупі бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының таулы аумағында жауын-шашынның салдарынан көшкін болуы мүмкін. Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, Алматы облысының таулы аудандарында 4-5 желтоқсан аралығында қатты жауын-шашынның (21,6 миллиметр) салдарынан жылымық орын алып, қар көшкіні болады деп күтілуде.
None
None

«Көшкіннің қауіпі салдарынан ірі тау бөктеріне шығуға болмайды. Таулы аумақтарда абай болыңыздар», - делінген құтқарушылардың ескертуінде.

Еске сала кетейік, дабылдық ескерту Алматы облысында 4-5 желтоқсан аралығына деп жарияланған. 

Соңғы жаңалықтар