14:33, 13 Сәуір 2022 | GMT +5
Алматы тауларында көшкін жүріп, екі адам қардың астында қалды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Құтқарушылар «Молодежный» шыңында қар көшкінінің астында қалған екі адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін түскі сағат 13:28 шамасында Алматы қаласының «109» құтқару қызметі Медеу ауданы, Тұйықсу жоғары таулы аймағында «Молодежный» шыңында қар көшкіні түскені туралы ақпарат алды.
Алдын ала ақпарат бойынша көшкін астында 2 адам қалып қойған.
Алғашқы іздестіру жұмыстарына 109-құтқару қызметінің құтқарушылары жұмылдырылды.
«Қазіргі уақытта ТЖД басшылығы мен Республикалық жедел құтқару жасағынан, Қазселденқорғау, құтқару қызметінің мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Барлығы 26 адам, 6 техника, 2 кинологиялық топ жұмылдырылды»,- деп хабарлады ведомствадан.