Алматы тауларында сел жүрді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы тауларда сел жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің хабарлауынша, кеше кешкі 17:03-те Ақсай-Ақжар гидробекетінің бақылаушысы Ақсай өзенінің бассейнінде сел жүргендігін жеткізген. Ол толассыз жауған жауынның салдарынан болған.
«200 текше метр шамасында сел жүріп, жолды жартылай басып қалды. Аймақ кепкен соң тазалау жұмыстары басталады», - деді мекеме өкілдері.