Алматы тауында адасып кеткен туристер табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тауында адасып кеткен жастар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

19 жастағы жігіт пен 21 жастағы және 26 жастағы екі қыз «Просвещенец» демалыс үйіне демалуға келген. Көліктерін демалыс орнына таяу жерге қалдырып, Көк жайлау шатқалына жаяу көтерілген. Қас қарайып кеткендіктен жастар қайтар жолда адасып кетеді.

Алматы қалалық құтқару қызметінің хабарлауынша, туристер жоғалғаны туралы хабар сенбі күні кешке 18:37-де түскен.

«Ер адам Кіші Алматы шатқалында адасып кеткенін хабарлады. Оның қасында тағы екі қыз болған. Диспетчерлік қызмет аталған бағытта құтқарушыларды жіберді. Абырой болғанда, құтқарушылар жастарды тауып, кешкі 21:40-та демалыс үйіне жеткізді», - деді құтқару қызметінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар