Алматы тауында альпинист көз жанарынан айырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыда Мәншүк Мәметова шыңына шықпақ болған альпинистердің бірі көз жанарынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық құтқару қызметінен мәлім еткендей, оқиға 3 қаңтарда болған.

Кіші Алматы шатқалындағы Мәншүк Мәметова шыңын бағындыру бойынша оқу-жаттығу кезінде (күрделілік санаты 3Б) альпинистердің бірінде көзінің нұрлы қабығы аяздан үсіп қалған. Салдарынан спортшы көру мүмкіндігінен айырылған.

Спортшылар тобын бақылау радиобайланыс арқылы жүргізілген. Сондықтан «109» Құтқару қызметінің апаттық-құтқару жасағы басшысының орынбасары Дамир Молгачев команданы түгелдей шыңнан жедел түсіру шешімін қабылдаған.

Медицина мамандарына жеткенше Тұйықсу альпинистік лагерінің инстуркторлары, Құтқару қызметінің мамандары, Алматы альпинизм спорты федерациясының мүшелері оған алғашқы көмек көрсетті.

«Спортшының көру қабілеті ішінара қалпына келді. Бұдан әрі оның денсаулығын жергілікті дәрігерлер бақылайтын болады», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар