Алматы тауында топырақ көшіп жолды жауып қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда топырақ көшіп жолды жауып қалды. Төтенше оқиға Бостандық ауданындағы «Бақ Алма» бау-бақша қауымдастығында орын алған. Бұл туралы «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі хабарлады.

Алматы тауында топырақ көшіп жолды жауып қалды

Көлемі 50 текше метр болатын топырақ Алма көшесіндегі №8 үйдің қасынан жанай өтіп жолды жартылай бітеп қалды. Қазір «Қазселденқорғау» ММ қызметкерлері жолды тазалап жатыр.

Төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеді.