Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Алматы-Тбилиси» рейсіндегі ұшаққа найзағай түсуі белгілері анықталмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Алматы-Тбилиси» рейсіндегі ұшаққа найзағай түсуі белгілері анықталмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы-Тбилиси» рейсіндегі ұшаққа найзағай түсуі белгілері анықталмады

Бұдан бұрын желіде «Алматы-Тбилиси» рейсіндегі ұшаққа найзағай түсуі мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын.

Осы жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі түсінік берді.

«9 тамызда «Алматы-Тбилиси» бағдары бойынша KC139 рейсін орындайтын борт сағат 20:30 кезінде ұшып, найзаға түсті деген күдікпен қайта оралды. Ұшақ штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер болмады. Бортты ауыстырғаннан кейін, жолаушылар сағат 00:40-та аталған бағытта қайта ұшып шықты. Ұшаққа қатысты инспекция жүргізіліп, назағай түсу жағдайы анықталмады. Осы орайда әуе кемесі рейстерде пайдалануға жіберілді», - деп нақтылады баспасөз қызметі.