Алматы-Тбилиси рейстері маусымнан бастап күн сайын қатынайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2017 жылдың маусым айынан бастап, «Эйр Астана» ұшақтары Алматы мен Тбилиси бағытында күн сайын ұшатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі, әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы-Тбилиси рейстері маусымнан бастап күн сайын қатынайды

«2 маусымнан бастап, Алматы-Тбилиси бағытындағы рейстер күн сайын қатынайтын болады. Ал, Астана мен Тбилиси бағытындағы рейстер көбейтіліп, аптасына 4 рет ұшады», - делінген хабарламада.  

Әуе компаниясы қызметкерлерінің хабарлауынша, Астана-Тбилиси бағытындағы ұшақтар сейсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі күндері ұшады.