Алматы-Термез автожолында үш көліктің соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тауып, 3 адам ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат - Алматы-Термез автожолының 769-шы шақырымында үш көліктің соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тауып, 3 адам ауруханаға жеткізілді,
None
None

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Құтқарушылардың ақпараты бойынша, жол-көлік оқиғасы маусымның 2-сі күні Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында, Алматы-Термез күре жолында орын алған. «БМВ», «Дэу» және «КамАЗ» көліктері соқтығысып, екі жеңіл көліктің жүргізушілері оқиға орнында мерт болған. Ал жүк көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар