04:20, 09 Мамыр 2017 | GMT +5
Алматы - ТМД-дағы Ресей туристері ең көп келетін үш қаланың бірі
АСТАНА. ҚазАқпарат - ТурСтат талдау агенттігі 2017 жылғы мамырда мереке күндері саяхаттайтын Ресей туристері үшін ТМД-дағы ең атақты қаланы анықтады.
Рейтинг қонақ үйлерді онлайн-броньдау жүйесінің деректерін талдау негізінде жасалды.
Осы жылы ресейлік туристер келетін ТМД қалаларының алғашқы ондығы - Минск, Тбилиси, Алматы, Баку, Астана, Ереван, Киев, Ташкент, Бішкек және Кишинев болып отыр.
Алматы мен Астана бірінші бестікте.
ТурСтат деректеріне сәйкес, Алматыға ресейлік туристер орташа 5 күнге келеді және тәулігіне қонақүйге 3,5 мың рубль төлейді, ал Астанға 2 күн (3,9 мың рубль).
Ресей туристері келетін ТМД-ның 10 қаласы:
Минск (Беларусь)
Тбилиси (Грузия)
Алматы (Қазақстан)
Баку (Әзербайжан)
Астана (Қазақстан)
Ереван (Армения)
Киев (Украина)
Ташкент (Өзбекстан)
Бішкек (Қырғызстан)
Кишинев (Молдавия)