Алматы ТМД-дағы үздік «биші» қалалардің үштігіне енді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ТурСтат туристік порталы бимен шұғылданатын ТМД қалаларының рейтингін жасады. Оған онлайн би мен әлеуметтік желілердегі би де енген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тізім 1954 жылғы Rock Around the Clock әні релизінің құрметіне 13 сәуірде тойланатын Дүниежүзілік рок-н-ролл күніне арнайы жасалды.
ТМД-дағы ең «биші» топ-5 қалалар тізіміне Беларусь астанасы Минск, Қазақстанның Алматысы, Әзербайжанның Бакуы, Арменияның Ереван және Қырғызстанның Бішкек қалалары кіреді.
Рейтинг қорытындысы іздеу жүйелеріндегі онлайн биді зерттеу арқылы шығарылды.