Алматы түнгі велошеруге дайындалып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Спорттық Алматы» жобасы аясында мегаполисте екінші түнгі велошеру өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Алматы түнгі велошеруге дайындалып жатыр

Екінші түнгі велошеру 22 шілде күні өтеді, сол күні 20:30-да әуесқойлар «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында жиналып, бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотереяға қатысуға мүмкіндік беретін нөмірлер алады. Ал 21:00-де велошеру қатысушылары Әл-Фараби мен Желтоқсан көшелерінің қиылысынан бастап, тұңғыш Президенті саябағына дейін жүретін болады. Жалпы велошабандоздар 9 шақырым қашықтықты бағындырады.
null

Мәреде қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылып, әдеттегідей, спортшылардың бірі басты сый, велосипедті ұтып алады.

Айта кетсек, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудің он үшіншісі болмақ.

Еске сала кетейік, бірінші түнгі велошеруге 3 мыңға жуық алматылық қатысты. Велшеру күні жолдар жартылай жабылады.