Алматы: Түрген ауылының аумағында 2 бал қуатымен жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылдың 29 қаңтары 20 сағат 36 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Алматы: Түрген ауылының аумағында 2 бал қуатымен жер сілкінді

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 55 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 10.4. MPV магнитудасы - 5.1. Тереңдігі - 5 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша Түрген ауылының аумағында Іле Алатауы тауларында 2 балл күшпен сезілді.