Алматы тұрғындары емен және қарағашты отап тастағандарға наразылық білдірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Sulpak сауда үйінің жанындағы жайқалған емен мен қарағаш оталды. Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желіде наразылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Sulpak және Small түнгі 4.00-те 10 емен ағашын заңсыз кесіп тастады. Енді олар бұл істі жымын білдірмей жауып тастағысы келіп жатыр. Бұл оқиға 22 қарашада болған», - деді Instagram -дағы жазбада. Бұл оқиғаға байланысты әкімдік түсінік берді.

Олардың айтуынша, Төлеби көшесіндегі 187-үйде орналасқан ғимараттың жанындағы талдарды кесуге рұқсат берілмеген.

«Қазір аудан әкімдігі мен Полиция департаменті кесілген ағаштардың тұқымы мен сапасын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Айыпты тұлғалар анықталған соң Полиция департаменті оларды жауапкершілікке тартады. Толығырақ ақпаратты анықтау жұмыстары аяқталған соң жариялаймыз», - деді әкімдіктен.


Соңғы жаңалықтар