Алматы тұрғындары қар көшкіні туралы ескертілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қар көшкіні қаупі туралы ескертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Алматы тұрғындары қар көшкіні туралы ескертілді

«Жауған жауын-шашынға және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Кіші Алматы өзені бассейнінде 11-12 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Осыған орай, қар жатқан тау бөктерлеріне шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар», - делінген «Қазгидромет» РМК мәліметінде.