Алматы тұрғындары коммуналдық қызметке 4,5 млрд теңге қарыз

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Пандемия кезінде алматылықтардың коммуналдық қызметтерге қарызы 2 есе өскен. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық энергетикалық тиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы тұрғындары коммуналдық қызметке 4,5 млрд теңге қарыз

«Пандемия кесірінен жарияланған ТЖ нәтижесінде дебиторлық қарыздар 2 есеге артқан. Былтырдың өзінде тұрғындар мен заңды тұлғалардың дебиторлық қарызы 2 млрд теңге болатын. Биыл 4,5 млрд теңгеге жетті. Бұл көбіне пандемияның кесірінен болып отыр. Сондықтан түсіністікпен қарап, осы бағытта жұмысты жалғастырамыз», - деді басқарма басшысы Әсет Масабаев.

Спикер қала тұрғындарын борышынан құтылуға шақырды. Қаланың энергетикалық кешенінің жұмысы дебиторлық қарыздардың өтелуіне байланысты болып тұр.