Алматы тұрғындарының 20 пайызын студенттер құрайды - Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығының вице-президенті

АЛМАТЫ. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда түрлі деңгейдегі оқу орындарында 264 мыңнан астам студент пен 200 мыңдай оқушы білім алады.

Алматы  тұрғындарының 20 пайызын студенттер құрайды - Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығының вице-президенті

Оны қала әкімінің орынбасары, Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығының вице-президенті Серік Сейдуманов мамырдың 21-22-сі күндері Алматыда «Әлеуметік инженерия феномені: тәжірибе және болашақты қайта құру» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жастар кез-келген мемлекеттің стратегиялық потенциалы және болашаққа деген міндетті салымы. Біздің еліміздің жас буыны тәуелсіздіктің қалыптасуы мен нығаюы, нарықтық қайта құру және демократиялық реформалар кезеңінде қалыптасты. Сол себепті жастар саясаты саласындағы мәселелерді шешу мазмұны бойынша қағидалық жаңа және қазіргі жағдайға сай әдістерді қажет етеді. Жоғары және орта-арнаулы білім беру мекемелерінің негізгі жүйесі Алматыда шоғырланған. Мұнда 49 жоғары оқу орны, 5 әскери-мамандандырылған институт, 69 колледж бен 11 кәсіптік-техникалық лицей жұмыс жасайды», дейді Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығының вице-президенті Серік Сейдуманов. Әлеуметтік ғылымдар докторының айтуынша, қазіргі таңда Алматыдағы оқу орындары, кәсіптік-техникалық лицейлер мен колледждерде 264 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Олардың 117 мыңға жуығы жоғары, 69 мыңы орта-арнаулы оқу орындарында күндізгі бөлімде оқиды. Ресми статистика бойынша студенттер қала тұрғындарының 20 пайызын құрайды. Оған 6 мен 17 жас аралығындағы 200 мыңға жуық оқушыны қосатын болсақ Алматыны жастар қаласы деп айтуға толық негіз бар.