Алматы тұрғыны 100 жеміс ағашын заңсыз кесіп тастаған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 100-ден астам жеміс ағашы заңсыз кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы тұрғыны 100 жеміс ағашын заңсыз кесіп тастаған

«Бүгін Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің мемлекеттік инспекторлары кезекті рейд жүргізіп, оның барысында Медеу ауданында орналасқан Обсерватория көшесінің бойындағы 5/5 жер учаскесінде 102 жеміс ағашын кесу фактісін анықтады. Белгілі болғандай, оны Алматы тұрғыны кесіп тастаған. Оқиға орнына жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мен Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасының мамандары шақырылды», - деп хабарлады Экология департаментінен.

Қазіргі уақытта жергілікті полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік шаралар қолдануда.