15:59, 23 Ақпан 2018 | GMT +5
Алматы тұрғыны Африкадан безгек жұқтырып келді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда биыл бір адам Африкадан безгек жұқтырып келген. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов алқаның кеңейтілген жиналысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Биыл Алматыда эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Бірақ жыл басынан бері сырттан жұқпа əкелген жағдайлар болды. 10 адам Гоадан тырысқақ ауруын, ал бір турист Африкадан безгек жұқпасын алып келді. Сонымен қатар, гепатологиялық аурулардың саны артуына байланысты барлық қажетті іс-шаралар қолға алынған. Ал тұмау жұқпасының таралуының алдын алу үшін тұмау жұқпасына қарсы 158 млн теңгеге екпе сатып алынды",- деді Серікбол Мусинов.