18:30, 21 Қыркүйек 2020 | GMT +5
Алматы тұрғыны «Қызыл кітаптағы» құсты атып алған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында «Қызыл кітапқа» енген құстарды атқан қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.
«20 қыркүйек күні сағат шамамен 13:20-да Алматы облысы Іле ауданы аумағындағы «Күрті» аңшылық шаруашылығы маңында «Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторлары «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Көлік жүргізушісі – Алматы қаласының тұрғыны. Сонымен қатар көліктен 2 қарабауыр бұлдырық құсы мен МР-153 қаруы табылды», - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметінен.
Оқиға орнына Іле аудандық полиция қызметкерлері шақырылған. Қазіргі уақытта материалдар қылмыстық іс қозғауға жіберілді.
Қарабауыр Бұлдырықтар саны жылдан-жылға азайып келеді. Қазір олар қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.