Алматы тұрғыны пәтер жалдап, оны есірткі жасайтын зертханаға айналдырған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полиция қызметкерлері есірткі зертханасын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Полиция департаментінің мәліметінше, заңсыз кәсіпті 27 жастағы алматылық ұйымдастырған.

Ол көрші үйден пәтер жалдап, синтетикалық есірткіні сол жерде дайындаған.

«Арнайы іс-шараны біздің бөлімнің қызметкерлері қызметтік-іздестіру итпен бірге өткізді. Ш. есімді азаматтың негізгі тұрғылықты жерінің жанында орналасқан жалдамалы пәтерін тінту кезінде «мефедрон» синтетикалық есірткісін өндіруге арналған компоненттер мен жабдықтар тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тәркіленген заттардың психоактивті заттарға жататынын растады», – дейді Алматы қалалық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылып, полиция департаметінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар