Алматы тұрғыны Шу алқабында 607 килә есірткімен қолға түсті

АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Мак-2010» жедел-сауықтыру шарасы барысында Шу ауданының Сарғау елді мекенінде есірткі жинап жүрген 32 жасар алматылық ұсталды.

Алматы тұрғыны Шу алқабында 607 килә есірткімен қолға түсті

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Оңтүстік Шығыс көліктегі ІІД-інің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ерлан есімді алматылықты тұтқындау барысында одан 9 қапқа салынған, жалпы салмағы 607 килә есірткі шөбі табылған.

Күдіктінің айтуынша, ол Шу алқабына есірткі жинау үшін арнайы келіпті. Марихуананы 3 жылдан бері пайдаланатын оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.