Алматы тұрғынын қинап өлтірді деген күдікпен 24 жастағы ер адам қолға түсті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 24 жастағы азамат адам өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы тұрғынын қинап өлтірді деген күдікпен 24 жастағы ер адам қолға түсті

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 мамыр күні Іле ауданының полициясына жергілікті тұрғындардан қоңырау түскен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары адам өліміне байланысты жедел-іздестіру шарасын ұйымдастырған. Істің ізін суытпай 24 жастағы азамат ұсталған. Арнайы дәлелдерден кейін ол адам өлтіргенін мойындап, мүрдені қайда жасырғанын көрсеткен.

«Қазір аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 1 бөлігі яғни, «Адам өлтіру» бойынша арнайы базаға тіркелді» - деліген ведомствоның ақпаратында.

Полицияның ақпаратына сәйкес, қинап өлтірілген азамат Алматы қаласының 31 жастағы тұрғыны екені анықталды. Қазір аталған қылмыстық іс бойынша сот-алды тергеу жүргізіліп жатыр.