Алматы тұрғынын өлтіргені үшін 2006 жылдан бері мемлекетаралық іздестіруде жүрген күдікті Ресейде ұсталды
АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Алматы тұрғынын өлтіргені үшін 2006 жылдан бері мемлекетаралық іздестіруде жүрген күдікті Ресейде ұсталды. Бұл туралы бүгін апталық брифингте ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.
«Ресей криминалдық милициясы және Алматының ІІД Криминалдық полиция қызметкерлері Қазақстанның 28 жастағы азаматын Смоленск қаласында ұстады. Ол 2006 жылғы ақпан айында Алматының 44 жастағы тұрғынын өлтіргені үшін мемлекетаралық іздестіруде жүрген болатын»,-деді Қ. Жұманов. Оның сөзіне қарағанда, Минск конфвенциясына сәйкес аталған азамат Қазақстанға экстрадицияланды.