Алматы тұрғынына қарақшылық шабуыл жасаған оңтүстікқазақстандық екі азамат қолға түсті

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Алматы тұрғынына қарақшылық шабуыл жасаған оңтүстікқазақстандық екі азамат қолға түсті.

Алматы тұрғынына қарақшылық шабуыл жасаған оңтүстікқазақстандық екі азамат қолға түсті

Бұл туралы бүгін елордадағы баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

«Алматының полиция қызметкерлері өткен жылдың тамыз айында жергілікті тұрғынға қарақшылық шабуыл жасағаны үшін ОҚО-ның 20 жастағы екі тұрғынын ұстады. Бастапқы деректер бойынша күдіктілердің ер адамға қаланың көшелерінің бірінде шабуыл жасағандары анықталды. Олар тапаншамен қорқытып, ақша мен құны 130 мың теңге тұратын ұялы телефонды ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - деді ресми өкіл.

Қ.Жұмановтың атап өтуінше, апта ішінде 1849 қылмыс жасалып, оның ішінде 1387-сінің «ізі суымай» әшкереленсе, сондай-ақ бұрын жасалған 344 қылмыс ашылған. 131 қылмыс жасаған күдікті табылып, 6 қару тәркіленген.