Алматы тұрғынының жылу жүйесіне қарызы жарты млн теңгеге жеткен

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қарызданып қалған Алматы тұрғынын сотқа берді. Әкімшілік іс Алматының Медеу аудандық сотында қаралды.
«Алматы қаласы аумағында 2007 жылдың 13 қыркүйегінен бастап, жылу берудің қоғамдық негіздегі келісімшарты енгізілген болатын. Келісімшарт бойынша, арызданушы көппәтерлі үйлердегі пәтерлерге жылу беруге міндетті. Алайда, жауап беруші аталған құжаттың 5.3, 5.4 тармақтары бойынша жасалған шартын орындамай, ай сайынғы төлемді енгізбеген. Осыған байланысты, ол борышкер деп танылды», - деді соттың баспасөз қызметіндегілер.
2017 жылдың 1 қыркеүйегіндегі есеп бойынша К. есімді айыпталушының қарызы 491 315 теңгеге жеткен.
«Соттың шешімімен,арызданушы тараптың шағымы қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді», -деді соттың баспасөз қызметі.