«Алматы туры - 2016» веложарысы басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы туры - 2016» бір күндік тас жолдағы веложарысы басталды, таңғы 8-30 командаларды таныстыру рәсімі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Алматы туры - 2016» веложарысы басталды


«Алматы туры - 2016» велошабандоздары Әл-Фараби даңғылы бойымен жарыса отырып, Мұстафин көшесімен өтіп, Шығыс айналма жолынан кері бұрылып, Талғар бағытына түседі. Бір айналым қашықтығы 31 шақырым. Жарыс жолының жалпы қашықтығы 186 шақырым.

«Алматы турының» турының басты фавориті Астана кәсіпқой велокомандасы және оның капитаны, «Алматы турының» екі мәрте жеңімпазы Алексей Луценко. Астана құрамында әлемнің ең мықты велошабандоздарының бірі Винченцо Нибали.

null 

30 қыркүйек күні БАҚ-қа арналған жиында ұйымдастырушылар Алматы тас жолының дайындығы және қатысушы командалар мен жарыстың биылғы ерекешілігі туралы жан-жақты айтып берген болатын.

«Веложарыс Алматы әкімдігінің қолдауымен өтіп отыр. Бұған дейін сайысты көпкүндік ретінде өткізуді ұсынғанбыз. Алайда, бірқатар мәселелерге байланысты идеямыз жүзеге аспай қалды. Биылғы сайысқа біз 20 емес, 14 команда шақырдық, оның 3-еуі қазақстандық. Осы арада айта кетейік, соңғы 5 жылда Қазақстанда велоспорт жақсы дамып келеді», - деді Қазақстан Велоспорт федерациясының вице-президенті Аманбек Қульчиков.

Айта кетейік, «Алматы туры» биыл төртінші рет өткізілгелі отыр. Алғашқы рет 2013 жылы басталған. 2014 жылы UCI Халықаралық велосипедшілер халықаралық одағы веложарысқа ең жоғарғы дивизионның кәсіпқой командалары ойнайтын 1.1 категориясын берді.

null  

Бұған дейін UCI Халықаралық велосипедшілер одағының техникалық кеңесшісі, веложарыс директоры Джек Ватсон ұйымдастырушы, қазақстандық тараптың нәтижелі жұмыс атқарғанын атап өткен болатын.

«Веложарысты ұйымдастыра бастаған алғашқы жылға қарағанда биыл жақсы нәтижелер байқауға болады. Ұйымдастырушылар мен Алматы қаласы әкімдігі әлемдік деңгейде өтетін айтулы бәсекелер сынды бұл веложарысты көпкүндік етіп өткізуді ойластыруына толық мүмкіндік бар деп есептеймін», - деген болатын ол баспасөз мәслихатында.

Веложарысқа Еуропа мен Азияның 14 командасы қатысады.
Айта кетейік, веложарыс әлемнің ең ірі «Eurosport» спорт телеарнасында және Қазақстанның «Kazsport» арнасынан беріліп отыр.

Веложарыстың жалпы жүлде қоры 39 мың еуро. «Алматы турының» жеңімпазы 15 мың еуро, екінші және үшінші орындарының иелері 10 және 5 еуродан алады. Сонымен қатар, 20-орынға дейінгі қатысушылар марапатталады.

null null