Алматы - Үрімші авиабағыты «Эйр Астана» компаниясы үшін болашағы зор жаңа нарықты ашады - Питер Фостер

АЛМАТЫ. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Биылғы жылдың 2-ші шілдесінен бастап «Эйр Астана» ұлттық авиатасымалдаушы компаниясы Алматы - Үрімші бағыты бойынша аялдамасыз жаңа әуесапарын ашады. Оны компанияның президенті Питер Фостер бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл бағыттағы ұшуларды «Эйрбас А320» әуе кемесі аптасына үш рет сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері жүзеге асырады. Ал Үрімшіден Алматыға қарай ұшу бейсенбі, сенбі және дүйесенбі күндері жүргізіледі.

«Бүгінге дейін «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы - Бейжің және Астана - Үрімші бағыттары бойынша ұшуларды жүзеге асырып келеді. Алайда, аталған тасымалдаулар қазіргі таңдағы сұранысты қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Мәселен, осыған дейінгі әуе қатынастарын жүзеге асыру кезінде 340 мың 985 жолаушы мен 6093.8 тонна жүктің тасымалдануы екі ел арасындағы әуеқатынасқа деген қажеттіліктің жоғарылығын айғақтайды. Алматы - Үрімші бағыты бойынша әуеқатынас «Эйр Астана» авиакомпаниясы үшін болашағы зор жаңа нарықты ашады», деді «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер.

2002 жылдың 3-ші желтоқсанында Қазақстанның ұлттық әуетасымалдаушысы Алматы мен Бейжіңді алғашқы рет әуеқатынасымен байланыстырды. Ал Астана - Үрімші бағытында ұшу 2008 жылдың 15-ші қарашасынан басталды. 2009 жылы компанияның Астана - Үрімші - Астана бағыты бойынша ұсынатын қызметін 15037 адам пайдаланған еді. Ал жүк тасымалы осы кезеңде 50%-ды құраған болатын. Компания өкілдерінің айтуынша, биыл қаңтар-мамыр айлары аралығының өзінде жолаушылар саны көрсеткіші 8457 адамға жетіп, орташа жүктеме 68%-ға дейін артып отыр.

Соңғы жаңалықтар