Алматы велотуры болашақта дәстүрлі түрде жыл сайын өтуі мүмкін

АЛМАТЫ. 6 қазан. ҚазАқпарат - Алматыдағы кәсіпқой велошабандоздардың «Алматы велотуры» алдағы жылдан бастап көпкүндікке айналуы мүмкін. Оны жарыстың бас демеушісі «Астана тобы» компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов бүгін «Алматы велотуры» кезінде айтты.
None
None

«Бұған дейін кәсіпқой спортшылардың мұндай жарысы өз елімізде өтеді деп ешқашан ойламаған едім. Бүгін ерекше қуаныштымын. Бұған дейін кәсіпқой велосипедшілердің әртүрлі елдерде өткен жарыстарына барып тамашалаған едім. Бұл жарысқа қатысып жатқан кәсіпқой шабандоздар арасында көптеген достарым бар», - дейді Н.Смағұлов.

Оның айтуынша, келесі жылы бұл жарыс 2 күнге созылып, спортшылар топтық және жекелей сынға түсуге мүмкіндік алуы мүмкін. Бұл Алматы-Астана немесе Алматы- Талдықорған қалалары арасында өтіп, тіпті бірнеше күнге дейін созылып жатса, нұр ұстіне нұр болар еді. Әзірге мұның бәрі арман, дегенмен UCI ұйымы оң шешім қабылдайды деген үміт бар.

Соңғы жаңалықтар