Алматы ветеринария орталығында Call-center ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы ветеринария орталығында Call-center ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Ауылшаруашылығы басқармасына сілтеме жасап.

Алматы ветеринария орталығында Call-center ашылды

Жаңа жүйе «Ветеринария орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында тестілік режімде іске қосылды. 

321-00-02 телефон нөміріндегі диспетчерлік қызметке қала тұрғындары қаңғыбас иттерді аулау немесе қайтару, ветеринарлық анықтама алу мәселелері бойынша хабарласа алады.

Қоңырау тегін. Қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, қаңғыбас иттерді аулау бойынша бұрынғы 385-53-05 нөмірі жұмыс жасамайды.