Алматы вокзалы маңында ұрлық жасаған дүкен сатушысы ұсталды

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаментінің қызмет көрсету аймағында 4 қылмыс тіркеліп, оның екеуі әшкереленді. 

Алматы вокзалы маңында ұрлық жасаған дүкен сатушысы ұсталды

Сондай-ақ Көліктегі ішкі істер департаментіне қарасты қоғамдық орындарда 1 қылмыс тіркеліп, ол ашылды. 31 наурыз күні 19-00-дер шамасында Алматы-2 стансасындағы желілік ішкі істер органдарына Алматы қаласының еш жерде жұмыс істемейтін 1973 жылғы тұрғыны келіп, темір жол вокзалында белгісіз біреулердің 3 алтын сақина, 2 дана алтын алқасын, былғары костюм мен «NOKIA 1200» и «ZTE» ұялы телефондары салынған қол дорбаны ұрлап кеткені жайлы хабарлады. Келтірілген шығының көлемі 154 мың теңгені құрады. Осы іске байланысты жүргізілген жедел-іздестіру шарасының барысында Алматы-2 стансасы теміржол вокзалының вокзал маңында орналасқан шағын дүкенінің 1968 жылы туылған С. есімді сатушысы  ұсталды. Ұрланған мүлік тәркіленіп, күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.