Алматы вокзалында вагон өртенуіне байланысты қызметтік тексеру жүргізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы вокзалында жолаушылар вагонының өртенуіне байланысты қызметтік тексеру жүргізіледі. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Алматы вокзалында вагон өртенуіне байланысты қызметтік тексеру жүргізіледі

«2017 жылдың 19 қаңтарында Алматы стансасының техникалық паркі аумағында есептен шығарылған вагоннан түтін шықты. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. 1979 жылы 9 қарашада жасалған вагон техникалық жағдайына байланысты пайдаланылудан шығарылып, кәдеге жаратуға дайындалып жатқан», - делінген компания ақпаратында.

«Таратылған ақпаратқа қарағанда, жолаушылар вагонының орташа пайдаланылу мерзімі 28 жылды құрайды. Оқиғаның орын алуы себебі анықталуда. Қызметтік тексерістің қорытындысында сәйкесінше шаралар қабылданатын болады», - деп атап өткен компаниядан.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы-2 темір жол вокзалында жолаушылар вагоны өртенгенін хабарлаған болатынбыз.