«Алматы-Защита» бағытындағы жолаушылар пойызында төтенше оқиға орын алды
АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Алматы-Защита» бағытындағы жолаушылар пойызында төтенше оқиға орын алды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Алматы-Защита» бағытындағы №352/351 жолаушылар пойызындағы оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс жүргізді. Мұнда №13 авгонның жолсерігі С.Сыздықов әйел азаматшаны зорлады деп күдік келтірілуде.
Анықталғандай, Шығыс Қазақстан облысының 31 жастағы азаматшасы 8 тамыз күні №6 вагонның 27-інші орынына жайғасқан. 10 тамыз күні Алматы қаласынан Защита стансасына келген кезде жолаушы әйел көлік полициясына арызданған, оны 9 тамыз күні «Сарыөзек-Шар» учаскесінде №13 вагонның қызметтік купесінде зорлағаны туралы хабарлаған.
Қазіргі уақытта көлік полицейлері тергеуалды тексерістер жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексерістер нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
«С.Сыздықов 1986 жылы туған, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Южный» РФ жолаушылар вагонында 2005 жылдан бері жолсерік болып жұмыс атқарады. Істеген уақытында тәртіптік ескертулер мен бұзушылықтар жасамаған. Қосымша ақпарат көлік полициясының тексерулерінен кейін белгілі болады», - делінген ведомство таратқан ақпаратта.