17:57, 05 Қазан 2012 | GMT +5
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде ауаның температурасы 0-5 градусқа дейін төмендейді - 6 қазанға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның көп бөлігі көлемді антициклонның ықпалында болады, республика аумағының тек батыс және шығыс бөліктері атмосфералық бөліктер аумағына түсіп, сонымен бірге батыста кейбір жерлерде жаңбыр, шығыста - қар аралас жаңбыр жауады.

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Алматы, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Атырау облысында кейбір жерлерде шаңды дауыл соғады.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының кейбір жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.
Жақын үш тәулікте республиканың таулы аумақтарында су деңгейінің ауытқулары байқалады, Батыс Алтайдың жекелеген өзендерінде жауын-шашындарға байланысты су деңгейі көтерілуі ықтимал.