Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы өзендерде су тасуы мүмкін

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нөсер жауынның болу мүмкіндігіне байланысты, 2016 жылдың 17-18-ші мамыры аралығында Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде су тасқыны, ал таулы аумақтарда сел жүруі мүмкін. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы өзендерде су тасуы мүмкін

«Нөсер жауынның болу мүмкіндігіне байланысты, 2016 жылдың 17-18-ші мамыры аралығында Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде су тасқыны, ал таулы аумақтарда сел жүруі мүмкін. Сондықтан, жолдарда және тау бөктерлерінде абай болыңыздар!», - делінген хабарламада.

Айта кетелік, Алматы қаласының ТЖД бұл ескертуді «Қазгидромет» мемлекеттік кәсіпорнының бүгінгі жасаған дауылдық ескертуі негізінде жасады.