Алматы Жаңа жылға қалай безендірілді

Оңтүстік астаналықтар мен қала тұрғындары жаңа жыл қарсаңында безендірілген Алматы көшелерін аралай жүріп, ертегі әлеміне енгендей күй кешері сөзсіз. Әсіресе, кешқұрым көшелерде жарқыраған шамдар, безендірілген шыршалар Еуропа қалаларын еске салады. Атап өтерлік жайт, қала билігі осыншама әсем бұйымдарды алуға көп шығынданбаған.
«Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы қала бюджетінен биылғы безендіру жұмыстарына және жалпы желтоқсандағы мерекелік шараларға 175 млн теңге жұмсады. 2016 жылы желтоқсан айындағы шараларға 215 млн теңге жұмсаған болатын. Қалада 260 шақырым гирляндалар мен иллюминация шамдар тартылып, 6 800 әсемдік бұйымдары ілінді. Биыл қолданылған бұйымдар келесі жылы да пайдаланылатын болады», - деді аталған басқармадағылар.